Елордада адамның мүрдесі табылды
20:51, 18 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Астаналық полицейлер адамның өлі денесін тапты.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.
- Адамның денесін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ресми хабарламада.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, елордалық Манхэттен -3 тұрғын үй кешенінен құлаған.
Еске сала кетсек, былтыр күзде елордада жасөспірімнің мүрдесі табылған еді. Кейін белгілі болғандай, жасөспірім мектеп оқушысы болып шықты.