Елордада агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған кеңес өтті

Фото: None
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған кеңес өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған шараға, министрліктің құрылымдары, «ҚазАгро» холдингі мен «ҚазАгроИнновация» АҚ , «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

Жиын барысында агроөнеркісіптік кешенді дамыту мен оған бөлінген қаржы ресурстарының айқындылығы және оны тиімді пайдалануды қамтасыз ету мәселелері сөз болды. Сондай-ақ онда ауыл шаруашылығы саласында жасалған заң бұзушылықтар атап өтілді.

Осы орайда министрлікке қарасты мекемелер қызметтерінің айқындылығын қамтамасыз ету, қаржылық саладағы шараларды атқаруда заңдылықты сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне шұғыл назар аудару мәселелері тапсырылды.