«Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ахмет Байтұрсынов көшесінде Рақымжан Қошқарбаев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынің мәліметінше, 5-20 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.
«Тұрғындар жолда кептеліс болдырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.