Елордада Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Ертең елордадағы Президенттік мәдениет орталығында композитор, академик, Халық әртісі Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оған Қазақ халық аспаптар оркестрі, камералық хор қатыспақ. Сондай-ақ осы кеште халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Гүлмира Сарина, Айткүл Ниязова, Азамат Жылтыркөзөв, Ботагөз Тәшімова мен Татьяна Вицинская, Алмат Сайжан, Динара Болат және Бақытжан Дүйсенбаевтар өнер көрсетеді. Концертті мәдениет қайраткері, өнер зерттеушісі Қайыржан Мақанов жүргізеді. Қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ? ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов. Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижері ? ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.