Аталмыш оркестр 1991 жылы осы ұжымның көркемдік жетекшісі, әлемге әйгілі музыкант, Халық әртісі, бірқатар Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Айман Мұсақожаеваның бастамасымен құрылған. Оркестрдің бас дирижері - Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаева.
1993 жылы Үкімет қаулысымен ұжым Мемлекеттік камералық оркестр мәртебесіне ие болды. Содан бері 20 жыл бойы «Академия солистов» камералық оркестрі отандық сахнада өнер көрсетіп, шетелде Қазақстанның музыкалық және орындаушылық дәстүрлерін насихаттаудан талмай, халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға сүбелі үлесін қосып келеді. Академия солистов» оркестрі - бірегей әрі үйлесімді ұжым, сонымен қатар тамаша жеке орындаушылардың басын қосқан ансамбль. 3 ақпан күнгі концертте республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары өнер көрсетеді.