13:13, 11 Маусым 2009
Елордада Ақсақалдар кеңесінің «Жеңіс күні» атты кездесуі өтті
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың №31 мектеп-гимназиясында Ақсақалдар кеңесінің Ұлы Отан соғысы жеңісіне арналған кездесуі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Біздің кеңестің «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жанынан құрылғанына 1 жылдан астам уақыт болды. Кеңестің 30-дан астам мүшесі бар. Бүгінгі іс-шара келесі жылы соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өтуге дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр. Егер бүгін жиналып отырған ақсақалдардың ойы, кеңесі, өздерінің өткен өмірінен естелік әңгімелері жастар жанына жетсе, патриоттық сезімдерін оятса - жиналыс ойдағыдай жүзеге асты деуге болады», деп атап өтті Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сапар Ысқақов.Кездесуге Астана қаласында тұратын Ұлы Отын соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты. Ұлы Жеңіске арналған шарада «1945 жылғы маусымның 24-індегі Жеңіс шеруі» атты фильм көрсетіліп, шағын концерт қойылды.