Орал қаласының тумасы ақша айырбастау пунктіне шабуылдамас бұрын букмекерлік кеңсеге ақша ұтылып қалған.
Тәртіп сақшылары уақыт оздырмай күдіктінің ізіне түсіп, бір тәуліктің ішінде қолға түсірген.
«Ұсталған күдікті жымқырған ақшасын ұстап үлгермеді. Қазіргі уақытта елордадағы уақытша оқшаулағышта отыр. Заттай дәлелдер тәркіленіп алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 193-бабы бойынша сотқа дейіні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда», - делінген департаменттің хабарламасында.