«Қазгидромет» мәліметінше, қазіргі уақытта қалаға қалың қар түсуде. Оның үстіне солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, оқтын-оқтын 15-20 метрге дейін жетіп тұр. Соның салдарынан қала көшелері ақтүтек боранның астында қалған.
Айта кетерлігі, елорданың тазалық қызметтері түнімен жұмыс істеп, көшелерден 31 мың тоннадан астам қарды елорданың маңайындағы 11 полигонға тасымалдады. Тазалық жұмыстарына 450-ден астау арнаулы техника, 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Бүгін таңертеңнен бастап қармен күреске 960 арнаулы техника және 1 700 жұмысшы шығарылды.
Күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды облыстарында бірқатар тасжол жабылған.