Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, әл-Фараби даңғылы Пушкин көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жол желісі орташа жөнделеді.
«Осыған байланысты 28 мамыр мен 17 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», делінген хабарламада.
Көлік жүргізушілерге кептелісті болдырмас үшін алдан ала бағытын жоспарлап алу керектігі ескертілді.