«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы» MM жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция Басқармасымен келісе отырып, Досмұхамедұлы көшесінен бастап Алаш тас жолына дейінгі учаскеде Әл-Фараби даңғылында орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4 пен 7 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады» делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.