«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының таратқан хабарламасында.
15:53, 22 Қараша 2020
Елордада Алаш тасжолы көпірінде қозғалыс шектеледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 23 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолы (Бөгенбай батыр көпірі) көпірінің оң жақ шеткі жолағының Уәлиханов көшесінен орталық базарға дейінгі бөлігін жабу жоспарлануда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.