«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.
00:43, 16 Қараша 2020
Елордада Алаш тасжолындағы көпірде қозғалыс жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қарашада сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін елордадағы Алаш тасжолы көпірінің (Бөгенбай батыр даңғылы) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында оң жақ шеткі жолағын жабу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.