8 қараша күні елордада жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 12:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағыты бойынша Алаш тасжолының (Бөгенбай батыр көпірі) оң жақ жолағын жабу жоспарланып отыр.
«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп атап өтті көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.