Елордада «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» конференциясы өтеді
13:55, 19 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, мамырдың 20-сы күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алаш қайраткерлерінің «Оян, қазақ!» тұжырымдамасына 110 жыл және Қазақ білімпаздарының съезіне 85 жыл толуына арналған «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елімізге белгілі ғалымдар, тіл жанашырлары мен Алаш зерттеушілері ? Б.Тілеухан, А.Смайыл, А.Ісмақова, А.Айталы, Д.Қамзабекұлы, Қ.Салғараұлы, С.Кенжеахметұлы, Т.Жұртбай, Қ.Әбіш, З.Қабылдинов және тағы басқа қоғам қайраткерлері қатысатын ғылыми мәжілісте Алаш ғалымдарының саяси-діни көзқарасы, Алаштың мемлекетшіл тағылымы, жастар және рухани серпілу мәселелері талқыланады. Мәслихат аясында белгілі ғалым А.Ісмақованың «Алаш әдебиеттануы» және «Асыл сөздің теориясы» атты еңбектерінің тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар «Тәуелсіздік тұғыры және жастардың міндеті» мәселесі төңірегінде жарыссөздер өткізбек.