Осы мәселеге байланысты тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында аталмыш қылмысқа қатысы болуы мүмкін 27 жастағы Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында мәлім болғанындай, ұсталған азамат өзін көтерме сатып алушымын деп таныстырып, балық өнімдерін алып шығуға қажетті құжаттарды рәсімдеуді сұраған. Одан соң тауар чектерін қолдан жасаған ол балық өнімдерінің ақысын төлеместен қоймадан алып шығып, алдын ала дайындалған жүк көлігіне тиейді. Сөйтіп, алаяқтықпен ұрлап шыққан тауарын базарға апарып сатып жібереді. Осыған байланысты Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ұсталған азаматқа қатысты «алаяқтық жасады» деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Тексеру амалдары жүріп жатыр.
18:34, 07 Ақпан 2012
Елордада алаяқ құны 2 млн.теңгеден асатын балық өнімін қоймадан алып шығып, сатып жіберген
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаментіне қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік жетекшілерінің бірі келіп, белгісіз азаматтың өздерін алдап-арбап 1 тоннадан астам балық өнімін алып кеткендігіне шағымданды, деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.