Алаяқ «OLX» жарнама сайты арқылы ресейлік есептегі көліктерді бір тәулікке жалға алып, оларды басқа азаматтарға сатқаны анықталды.
Ер адам осындай жолмен 7 адамды алдап, 12 млн астам теңгені иемденіп алған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы анықталу үстінде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, бейтаныс адамдарға сенбеу керек екенін ескертеді.