Синоптиктердің болжамынша, бүгін күндіз Астанада көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, жолдарда мұз қатады. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жел соғады. Жел екпіні кейде секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы -2-4°C суық болады.
Сенбі күні елордада күн бұлтты, алайда жаңбыр жаумайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жел соғады. Сынап бағанасы түнде -7-9°C дейін төмендейді, күндіз -2-0°C суық.
Синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C суық, күндіз 1 3°C жылы болады.