«7 маусым күні елорданың экономикалық соты алданған 100-ден астам отбасының мүддесін қорғаған қала прокурорының екі талабын қанағаттандырды», - делінген хабарламада.
Осылайша, сот «Капитал строй сервис» ЖШС жауапсыз құрылыс салушыдан «Адам строй сервис» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүддесіне 300 млн теңге көлемінде ақша өндіріп, құрылысы аяқталмаған «Гранитный 2» тұрғын үй кешені мен жер учаскесін беруге міндеттеді.
Сондай-ақ, «Хазірет Астана» ТҚК-ның талабы қанағаттандырылып, оның мүддесіне «Шейхказинвест» ЖШС-дан 325 млн теңге сомасындағы қаржы өндірілді.