Елордада әлемдегі үшінші ота - донор жүрегіне мұқ­таж сырқатқа жасанды жүректі имплантациялау сәтті өтті

None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат -Кеше Астана қаласындағы та еліміздің бас кар­диохирургі доктор Юрий Владимирович Пя германиялық әріп­тес­тері­мен бірге  посткеңестік кеңістікте бұрын-соңды жасалмаған отаны жү­зеге асырып, донор жүрегіне мұқ­таж сырқатқа жасанды жүректі имплантациялады.

Бұл - әлемдегі осындай үшінші ота. Алғашқы ота - Германияда, екіншісі - АҚШ-та жасалған болатын. Енді міне, үшінші ота біздің елімізде жүзеге асырылып отыр.

Жасанды жүрек жүрек-қан тамырлары ауруларының ауыр түріне шалдыққан Астана қаласының 61 жасар тұрғынына қондырылды. Соңғы үш жылда жүрегінің ауыруына байланысты  бірнеше рет ауруханаға жатқызылғанына қарамастан, жағдайы қиындап кеткен  сырқат алғашында ота жасауға келісімін бермеген еді. Алайда, кейін орталыққа жатқызуға мәжбүр болды.

Айта кету керек, аталмыш орталықта 2011 жылдан бері қан айналымына көмектесетін әртүрлі модификациядағы қондырғыларды имплантациялау жөнінде оталар жасалуда. Бүгінге дейін 37 адамға осындай көмек көрсетілді. Бұл донор органы табылғанша сырқатты қолдаудың бірден-бір амалы болып отыр, деп жазады "Егемен Қазақстан" басылымы.