Елордада әлемнің 40 елінің каратэшілері айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Шинкиокушинкай каратэден 6-шы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің турнир «ЭКСПО-2017» көрмесі бағдарламасының бір бөлігі саналады. Өйткені спорт, оның ішінде жауынгерлік жекпе-жек адамдарға энергия, табандылық, жеңіске деген жігер береді. Бұл каратэның осы түрінің негізін қалап, дамуына зор еңбек сіңірген азаматтардың Астанада осындай турнир өткізу арманының орындалғаны», - деді Қазақстан Шинкиокушинкай каратэ федерациясының бірінші президенті, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков әлем біршілігінің ашылу салтанаты барысында.

Айта кетерлігі, бұл додаға әлемнің Австралия, Әзербайжан, Ауғанстан, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Дания, Индонезия, Иран, Ирак, Испания, Канада АҚШ, Ресей сынды 40 елінен келген 193 спортшы қатысуда.

Чемпионат аясында 4-6 шілде күндері Ақмола облысының Щучье қаласындағы Жақсы-2 жаттығу базасында каратэ бойынша дүниежүзілік семинар мен дүниежүзілік каратэ ұйымының дан біліктілік семинары өтеді.