«Аула ішіндегі шағын азық-түлік дүкендері штаттық режімде жұмыс істейді. Яғни, олардың жұмысына ешқандай шектеу жоқ. Азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер карантин кезінде жұмысын тоқтатады», - деді ол.
Сонымен қатар басқарма басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне шекті баға белгілеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
«Бұл мәселе кеше талқыланды. Министрлікпен бірге таяу күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне шекті баға белгілеу туралы шешім қабылданады», - деді Ерлан Бекмырзаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.