Елордада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мюзикл көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 маусымда Назарбаев университетінде алғаш рет «Джунгли кітабы» атты театрландырылған қойылымның премьерасы өтеді. Онда басты қаһармандарды кәсіби актерлер емес, ерекше дамып келе жатқан жасөспірім балалар ойнайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сахнада өз шығармашылығын «КИТ» мектебінің тәрбиеленушілері ұсынады, мұнда Даун синдромы, ДЦП, аутистикалық спектрі бұзылған, саңырау және басқа да ерекше балалар оқиды.

Айта кетейік, барлық театрландырылған қойылым тегін ұйымдастырылды. Костюмдерді балалар мен волонтерлер өз қолдарымен жасады, ал материалдар бейжай қалмаған азаматтардың арқасында жеткізілді. Жасөспірімдер әр жексенбіде би билеп, вокал мен актерлік шеберліктерін шыңдап, түрлі ойындарды ойнады, бір-бірімен емін-еркін жүздесті.

Инклюзивті мюзикл - бұл бірегей жоба, ерекше күтімді қажет ететін жасөспірімдерге өз құрбыларымен тепе тең бір сахнада ойнауға мүмкіндік береді. Осы тектес іс-шара балаларға өзінің мықты қырын ашып, араласуға және үлкен мүмкіндіктерді бағындыруына көмектеседі.

Концерттің басталуы: 18:00-де.