Қазақ-Британ қоғамы (BKS) осымен бірнеше жыл қатарынан қайырымдылық спорттық жарыстарын өткізіп келеді. Бұның алдында Астанада, Алматыда және Лондонда жартылай марафондар ұйымдастырылып келген болатын, ал биыл толыққанды марафон өткізу жөнінде шешім жасалды және оның қашықтығы 42 шақырым 195 метрге дейін арттырылды.
BKS «Эйр Астана» марафонына қатысу үшін кемінде 20 фунт стерлинг қайырымдылық жарна төлеу керек, бұл шамамен 7500 теңгеге пара-пар. Дәстүр бойынша барлық қаражат "АЯЛА" қайырымдылық қорына бағытталады.
Жүгіруге ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.
"Бүгінгі жарысқа қатысып отырған әрбір жан гуманитарлық шараға қатысып қана қоймай, үлкен жеңіске қол жеткізе алады. Таңертең ерте келіп, марафонға қатысудың өзі үлкен жеңіс. Денсаулықтарыңыздың саулығына үлкен әсері де бар. Дендеріңіз сау болсын, спортпен шұғылданып, осындай қайырымдылық шараларға қатысып отырыңыздар", - деді Ә. Жақсыбеков.