«Ағымдағы жылдың 3 маусымында сағат 10.00 де «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп, алимент бойынша қарызы бар азаматтарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады», - делінген қалалық әкімдік хабарламасында.
Бүгінде 30-дан астам елорда кәсіпорны аталған шараға қатысуға дайындықтарын білдірді. Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкерлер, өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азаматтар қатыса алады.