21 қыркүйекте жалпы қалалық сенбілік өтеді. Оған 40 мыңнан астам қала тұрғыны, 140 жүк көлігі және 60 жүк тиеуші техника тартылмақ. Сенбілік аясында тазарту, ағаш отырғызу және әктеу жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда, білім және денсаулық сақтау нысандарына, тұрғын үйлерге қызмет көрсету ұйымдарына 920 ағашты-бұталы көшет, 47 текше метр топырақ және 167 текше метр құм, 2,5 тонна әк бөлінеді.
Сонымен қатар, Ақжол және № 14 көшелердің қиылысындағы жол айрыққа 1878 көшет отырғызу көзделген.