деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ансамбльдің репертуарында аталмыш ұжымның алғашқы жетекшілерінің бірі - әйгілі композитор Әсет Бейсеуовтің, сонымен қатар Жамбыл Жабаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдыаяқов, Өмірбек Байділдаев, Латиф Хамиди, Кенжебек Күмісбеков сынды тұлғалардың 30-дан астам шығармаларынан тұратын әндер, мен күйлер бар.
Ұжым 1980 жылы құрылған. Осы уақытқа дейін олар Моңғолия, Түікменстан, Киев, Мәскеу сияқты мемлекеттер мен қалаларда болып қайтқан. Ұжымға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ержан Қосбармақов жетекшілік етеді.
Еске сала кететін мәселе, жақында Алматы облысының Ұзынағаш ауылында шығармашылық ұжымның 30 жылдығы атап өтілді.