«Қазақ-өзбек достығының алтын көпірі - мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Оны жан-жақты дамыту өте маңызды. Екі елдің серіктестігі ежелден жалғасып келе жатқан бауырластық қатынастан бастау алады. Бүгін Астанада өзбек халқының ұлы перзенті ойшыл, ақын Әлішер Науаидың ескерткіші ашылады. Бұл қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі. Әлішер Науаиды күлі түркі жұрты қадір тұтады. Оның мұрасын барша адамзаттың рухани қазынасы деп санайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, осыған дейін екі ел президенттері Сианьнан Ташкентке келген контейнерлік пойызға қатысты салтанатты шараны тамашалады.