Елордада алты автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Көктал-2» тұрғын алабында көше жөндеуге байланысты 6 автобус бағдарының бағыты өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

«Көктал-2» тұрғыналабындағы Ұлытау көшесі бойында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 6 тамызданбастап жөндеу жұмыстары аяқталғанша дейін №4, 4А, 46, 71, 81, 102 бағдарлардыңқозғалыс сызбалары уақытша өзгереді», делінген хабарламада.