Бұл ақпаратты аталған білім ордасының «Еуразия ақпарат» орталығы таратып отыр.
«Айта кетейік, соңғы он жылдың ішінде «Аманат» журналы әлемге танымал басылым деңгейіне көтерілді. Журнал кеңесінің құрамына Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Валентин Распутин, Даниил Гранин, Кэндзабуро Оэ, Чен-Янь, Ричард Маккейн, Розмари Уилкинсон, Иурген Браншвейгер, Тимур Зульфикаров, Ада Ахарони, Пети Холоппа, Виктор Баранов және тағы басқа белгілі ақын-жазушылар кіреді. Бұл қазіргі көркем әдебиеттің маңыздылығын көрсетсе керек», делінген баспасөз хабарламасында.