Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық және ғылым интеллигенциясының өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері, астаналық тұрғындар мен қонақтар қатысады.
Наурыздың 28-30 аралығында «Аналар аманаты» көрмесінің ашылуына орай дәстүрлі қолөнер шығармашылығы бойынша тегін мастер-кластар жүргізіледі.
Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің құндылықтарын, патриоттық тәрбие және әлеуметтік жауапкершілігін жаңғырту мен насихаттау. Достық үйінің көрмесі аймағында тақырыптық көрмелер - "Кілем - әлем жолы", " Қазақстан халқының ежелгі қолөнері", "Тұрғын үй жабдығы", "Этностардың ұлттық киімі", сондай-ақ қазақ халқы қолөнерінің басқа да экспозицияларын құру жоспарланған.
Қазақстан халқының мәдени дәстүрі мен қолөнерін жаңғырту Қазақстан этностарының ежелгі, жойылып бара жатқан қолөнерінің - өндіріс аспаптары мен көркемөнер бұйымдарын жинақтау бойынша мұражай қорын құру, сондай-ақ оқыту шеберханалары негізінде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына және жұмыссыз әрі көпбалалы әйелдерді қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.