Елордада апта басында ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, Астанада жаңа жұмыс аптасының басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Дүйсенбі күні Астанада аздап жауын-шашын жауады, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0 2°C, күндіз 6- 8°C болады.

Сейсенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз 8 10°C болады.

Сәрсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз 8 10°C болады.