Бүгін көшпелі бұлт шығады, күн күркірейді, жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 12 14°С, күндіз 26 28°С. Қазгидромет орталығының хабарлауынша, ертең, сейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 10 12°С, күндіз 21 23°С болады. Сәрсенбі күні, 28 мамырда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 8 10°С, күндіз 21 23°С болады.