Елордада апта бойы жаңбыр жауады

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада жаңа жұмыс аптасы жаңбырлы, бірақ жылы болады. 7 күн бойы елордада көшпелі бұлт шығып, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады.

Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» МКК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, аптаның басында күн ыстық болады.

«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15 17°C, күндіз 24 26°C болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына Қазгидрометтен.

Сейсенбі күні Астанада таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 15 17°C, күндіз 26 28°C болуы ықтимал.

Аптаның ортасында күн ала бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан батысқа ауысып 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 16 18°C, күндіз 23 25°C болады.

Бейсенбі күні жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, Түнде ауа температурасы 15 17°C, күндіз 21 23°C болады.

Жұмыс аптасының соңғы күні синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 13 15°C, күндіз 21 23°C болады.