Ал алдағы күндері ауа-райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды astana.kz сайты «Қазгидромет» МККға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, соңғы жұмыс күндері жаңбыр жауады.
«Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде ауа температурасы 14 16°C, күндіз 22 24°C жылы болады», - делінген ақпаратта.
Жұма күні елордада күн ала бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 13 15°C, күндіз 23 25°C болады.
Демалыстың алғашқы күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынды болады, күн күркірейді. Батыстан шығысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 14 16°C, күндіз 22 24°C болады.