Елордада апта соңында жауын-шашын болмайды

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Осы аптаның басында Астанада өткінші жаңбыр жауады, ал сәрсенбі күні ауа райы ашылып, жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның бірінші жартысында күн бұлтты, жаңбыр жауады, ал аптаның екінші жартысы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы жылы болады, өткінші жаңбыр жауады.

«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°C, күндіз 21 23°C болады» деп хабарланды Қазгидрометтен.

Сейсенбі күні елордада күндіз аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°C, күндіз 21 23°C болады.

Аптаның ортасында жауын-шашын жаумайды, күн ала бұлтты болады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°C, күндіз 23 25°C-ге дейін жетпек.

Бейсенбі күні күн ала бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°C, күндіз 23 25°C болады.

Жұма күні синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13 15°C, күндіз 23 25°C-ге дейін жетеді.