Елордада аптаның басында жаңбыр жаумайды

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада жұмыс аптасының басында күн жылы, жауын-шашынсыз болады. Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды, ауа температурасы түнде +11+16°C, күндіз +25+29°C-ге жетеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 11 13°C, күндіз 25 27°C деңгейінде қалыптасады.

Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, бірақ жаңбыр жаумайды. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 13 15°C, күндіз 27 29°C-ге жетеді.

Аптаның ортасында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 14 16°C, күндіз 26 28°C деңгейінде болмақ.