Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Демалыс күндері де жаңбыр жаумайды. Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 12 14°С, күндіз 25 27°С ыстық. Ал ертең, бейсенбі күні елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысқан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 10 12°С, күндіз 25 27°С жетеді.
Жұма күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысқан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 13 15°С, күндіз 27 29°С.