Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, автокөлік жолдарын орташа жөндеу барысында Арай көшесі бойынша Жауқазын көшесінен Космонавтов көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Осыған байланысты, мамыр айының 18-нен бастап 25-не дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толық шектелетін болады.