Елордада «Ардагерлерге тағзым» акциясы өтті

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордада «Астана полиграфия» АҚ Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерге тағзым» акциясын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш шара аясында акционерлік қоғамның өкілдері Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін құттықтады. Сонымен қатар журналистика, баспа үйлерінің ардагерлерін де тыс қалдырған жоқ. Ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастарқан жайылды. Ардагерлерге ақшалай сыйлықтар тапсырылды.«Біздің ардагерлер кеңесінің арқасында жыл сайын полиграфия қабырғасында осындай мерекелік кездесулер ұйымдастырылады. Мен алдағы мерекемен баршаңызды құттықтап, сіздерге денсаулық тілеймін. Келесі жылы да осы шаңырақтың астында төрт көзіміз түгел болып жүздесейік», - деді «Астана полиграфия» АҚ басқарма төрайымы Алтынай Құдабаева.