10 қыркүйек күні «AMANAT» партиясының ұйымдастырумен Нұр-Сұлтан қаласының ЭКСПО аумағындағы ашық аспан астында «Береке – бірлікте!» атты концерт өтеді. Концерт сағат 18.00-де басталады. Кіру тегін.
Концертте Мирас Жүгінісов, НАZИМА, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Ділнәз Ахмадиева, Yenlik, 2RAR, De Lacure сынды жарық жұлдыздар өнер көрсетеді.
Сондай-ақ шараға Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұкашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым секілді өнер тарландары қатысады.