«Қорғаныс министрінің тапсырмасымен Отан қорғаушы күнін және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 74 жылдығын атап өтуге дайындық аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталық аумағында ашық аспан астындағы әскери техника музейі ашылады. Орталықтың алаңына артиллериялық қондырғылар, авиация, бронетанкілік техникалар секілді әскери техникалар мен қару-жарақтың заманауи үлгілері, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі жылдардағы әскери техникалардың үлгілері қойылады. Ашық аспан астындағы әскери техника музейі астаналықтар мен қала қонақтарына отандық қару-жарақ тарихымен танысу, әскери техникаларды өз көзімен көріп, қолымен ұстауға да мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ музей қазіргі жастарды қазақстандық патриотизмге баулып, олардың Отанға, туған-туыстарына, соғыс ардагерлеріне, жалпы әскери қақтығыстардың қатысушыларына деген зор құрмет сезімін бекіте түспек.