«Елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметі тұтынушымен тікелей байланыста болатын бизнес субъектілерін бәсеңсімеуге шақырады. Себебі, жазылып шыққан адам қайтадан вирустың тасымалдаушысы бола алады. Бұл дегеніміз, алдын-алу іс-шараларын сақтау, бетперде кию, қашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау керек деген сөз. Бұл өзі үшін ғана емес, сонымен қатар айналасындағы адамдар, туыстар, таныстар, әріптестер үшін де қажет. Дегенмен, барлығы дерлік түсіне білмейді. Өйткені, қаңтар айының өзінде «Ashyq« жобасына қатысушы нысандарда үй карантинін бұзған 3 910 келуші анықталды: 3837 келуші «қызыл« және 73 адам «сары« мәртебеге ие. Пандемиямен күресте сіз жасай алатын маңызды үлес - бұл барлық карантиндік іс-шараларды қатаң сақтау және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсету», - деді Сархат Бейсенова.
Оның атап өтуінше, коронавирустың таралуын болдырмаудың ең сенімді әдісі вакцинация және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
«Жалғыз, әрі тиімді әдіс - вакцинация мен ревакцинациядан өткендердің қатарына қосылу және оны басқаларға үлгі ретінде көрсету. Сіздің бүгінгі жасаған сенімді әрекетіңіз ертеңгі күні салауатты ұлттың кепілі болмақ. Тек осылай ғана біз өз кәсіпорындарымызды сақтай аламыз. Басқалардың өмірі мен денсаулығын сақтайық, пандемияның таралуын тоқтатайық», - деді бас санитар дәрігер.