Елордада әскерге дейінгі жастардың арасындағы республикалық турнир өтті

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласында аэромобиль әскерлерінің және С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектеп базасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен әскерге дейінгі жастардың арасында республикалық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстан аймақтарынан 9 команда, барлығы 45 адам қатысты. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтынан хабарлады.

Ойын бағдарламасында әскери кросс, пневматикалық винтовкадан ату, № 12,13 нормативі - Калашников автоматын бөлшектеумен жинақтауды орындау, Отан қорғаушы әскери-спорттық кешен сайыстары болды.

"Жалпы командалық есепте Павлодар қаласының командасы 2000 м. әскери кросс эстафетасында, граната лақтырудан, пневматикалық винтовкадан атуда бірінші орын алды", - деп жазылған баспасөз баянында.