Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы ашылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бас қаласында әскерлердің жауынгерлік даярлық материалдық оқу-жаттығу базасын жетілдіру аясында заманауи жекпе-жек спорт залы ашылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда жаңа нысанқазақстандық армияның қолданбалы әскери спорт түрін әрі қарай дамытуға қарқынберері анық. Жекпе-жек залында тұрақты түрде арнайы бөлімшелердің әскерлері,сондай-ақ Ақмола гарнизонының жеке құрамы спорттық жарыстарға даярлық кезіндежаттығулар жүргізетін болады.

Аталған зал көптеген жекпе-жек түрлері бойыншажаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру үшін (ринг, татами, гимнастикалықжарақтар, күштік тренажерлер) боксқа, күреске, қоян-қолтық күреске, армиялыққоян-қолтық күреске қажетті құралдармен жабдықталған.

Көрермендерге арналған панорамалық қарау алаңықарастырылған.

«Осындай спорт нысандарын салу әскери қызметшілердіңжауынгерлік және дене даярлығын арттыруға, сонымен қатар әскери спорттыжан-жақты қолдау мене дамытуға кезекті жасалған қадам болмақ»,-делінгенхабарламада.

Соңғы жаңалықтар