Елордада Astana Half Marathon аясында қандай көшелер жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді.

Фото: Астана әкімдігі

Оған әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың жүгіруші қатысады. Осыған байланысты қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.

Фото: Астана әкімдігі

Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:
• Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
• Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
• «Қазақ радиосы» көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
• Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
• Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
• Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
• Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
• Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
• Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
• И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
• Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
• Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.

Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет.