Елордада Astana Half Marathon өтеді

АСТАНА.KAZINFORM - 7 маусым күні елордада мерейтойлық, бесінші рет Astana Half Marathon жарысы өтеді. Бұл — корпоративтік «Смелость быть первым» қоры ұйымдастыратын Астанадағы ең ірі жүгіру додасы. Іс-шараға әлемнің 30-дан астам елінен 7000 қатысушы жиналады, деп жазы Астана әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Astana Half Marathon-ға арнайы ашылған almaty-marathon.kz⁠ сайты арқылы тіркелуге болады.

Жарыстың старт және финиш алаңы – «Қазақ елі» монументі маңындағы «Тәуелсіздік» алаңы. Оның жолы елорданың негізгі урбанистикалық нысандары мен көрікті жерлері арқылы өтеді.

Іс-шараға қатысушылар, жанкүйерлер және старт қалашығының қонағы еркін кіре алады. Жартылай марафон бағыты кейінірек толық жарияланады.

Фото: Астана әкімдігі

 

– Бес жыл бұрын елордада жүгіру мәдениетін дамыту және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында алғашқы Astana Half Marathon ұйымдастырылды. Осы жылдар ішінде жарыс қаланың ең ірі спорт бағытындағы іс-шаралардың біріне айналып, Қазақстан мен шетелден қатысушыларды көптеп келе бастады. Әлемнің барлық астаналары жүгіреді, ал Астананың аз еңіс рельефі, жазғы ауа райы және қолайлы логистикасы ірі халықаралық жүгіру жарыстарын дамытуға және спорттық туризмді ілгерілетуге толық мүмкіндік береді, – деді корпоративтік қордың атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Жарыс дәстүрлі түрде төрт қашықтықты қамтиды: 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және командалық эстафета – «Экиден». Қатысуға кәсіби спортшылар да, әуесқой жүгірушілер де шақырылады.  Белгіленген уақыт ішінде қашықтықты бағындырған барлық қатысушыға медаль беріледі.

Сонымен қатар жартылай марафон аясында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп, 21,1 км қашықтыққа арналған Қазақстан чемпионаты өтеді. Елдің ең мықты жеңіл атлеттері стартқа шығып, нәтижелері федерацияның ресми есебіне енгізіледі.

Жарыс халықаралық деңгейдегі AIMS қауымдастығына кіреді және World Athletics тасжол сертификатына ие.

Astana Half Marathon өткізу, оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар, Қазақстан Республикасында 2026-2028 жылдарға арналған бұқаралық спортты дамыту жол картасына енгізілген.

Іс-шара бағдарламасы: 05:00 – старт-финиш қалашығының ашылуы;
05:30 – бой қыздыру;
05:45 – 21,1 км және эстафета қатысушыларын сапқа тұрғызу;
06:00 – 21,1 км және «Экиден» эстафетасының басталуы;
06:20 – бой қыздыру;
06:35 – 10 км және скандинавиялық жүріс қатысушыларын сапқа тұрғызу;
06:50 – 10 км және скандинавиялық жүрістің басталуы;
08:50 – марапаттау рәсімі
10:00 – финиш аймағын жабу;
11:00 – іс-шараның ресми аяқталуы.

Айта кетейік, 80 жастағы астаналық марафоншы жарақатына қарамастан Кейптаунда мәреге жетті.