Елордада «Астана құрдастары» атты екінші қалалық бал өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында елорданың 16 жылдығына арналған «Астана құрдастары» атты екінші қалалық бал өтеді.

Дәстүр бойынша кешке оқушылар - Астананың құрдастары қатысады, деп хабарланған елорда әкімдігінің сайтында. Аталған байқауға қатысуға елорданың 25 мектебі өтініш берді. Қойылған талаптарға сәйкес мектептердің әрқайсысы байқауға қатысатын бір жұп - қыз бен ер баланы және оларға қосылып билейтін 2-3 жұпты дайындайды. «Балдың бірінші кезеңінен өту үшін қосылып билейтін балалармен бірге үй тапсырмасы ретінде хореографиялық композиция: вальс, полонез немесе мазурка дайындайды. «Ақылдылар» атты екінші кезеңде қатысушыларға қосымша тапсырмалар беріледі, олар өздерінің білімдерін көрсетеді. Ал «Бал ханзадасы мен ханшайымы» атағына үміткерлер балдық би өнерінің қыр-сырын меңгеріп, үш кезеңнен сүрінбей өтулері тиіс», - деді Оқушылар сарайының қызметкерлері. Бал ережесіне сәйкес, бишілер киім үлгілерін қатаң сақтау керек, қыз балалар ақ көйлекпен келсе, ұлдар смокинг киеді. Айта кетейік, шара 25 сәуірде сағат 15.00-де басталып, 5 шілдеде Оқушылар сарайы алаңында салтанатты рәсіммен аяқталады.