15 мамыр күні сағат 15-00-ден 19-00-ге дейін қазақ күресінің палуандары салмақ өлшеуден өтеді. Жарысқа дайындалады.
16 мамыр күні сағат 10:00-да жарыс басталады. 15:00-де жарыс салтанатты түрде ашылады. Бұл турнирге тек қана Астана қаласының спортшылары қатысады. Осы жарыста топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайды. Бұл туралы ҚР Қазақ күресі федерациясынан хабарлады.