Елордада Астана мен Қарағанды командалары арасында инклюзивті футболдан жолдастық матч өтті
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы 8 шілдеде Астана мен Қарағандыдан келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдер арасындағы жолдастық матч өтті.
Спорттық іс-шара Қазақстандағы аутизм, Даун синдромы және басқа да психикалық ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы инклюзивті футбол лигасы — UNI Football League жобасы аясында ұйымдастырылды.
Бұл бірегей әлеуметтік жобаны іске асыру үшін «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры күш біріктірді. Жобаның мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, инклюзивті спортты дамыту және футбол арқылы өзара көмектесу мен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру.
UNI Football League жобасы 2023 жылы Астана қаласында Қысқы қайырымдылық балының қаражатына басталған болатын. Бүгінгі таңда Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен және Freedom Шапағат корпоративтік қоры арқылы бұл Лигаға Қазақстанның 9 қаласынан 115 бала қатысты. Олар: Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен қалалары.
Барлық қатысушылар спорттық киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы дайындықтан өткен білікті жаттықтырушылардың басшылығымен жаттығады. Әр қалада жаттықтырушылардың UEFA-ның B, C және D санатындағы лицензиялары бар мамандары жұмыс істейді.
Жобаның мақсаты – ерекше балаларға тұрақты дене белсенділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беру және олардың әлеуметтенуіне қауіпсіз әрі қолдаушы орта құру.
Осыған дейін жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлеттер тағы екі медаль алғаны туралы жаздық.