«Барша әлемдегі музыка өнерінде бар әрі қажетті бағыттардың бірі мюзикл болып табылады. Елорданың мәдени әлеуетін арттыру мен театр қызметінің жанрлық алуан түрлілігін кеңейту мақсатында отандық «Астана Мюзикл» театрын құру бойынша шаралар қарастырылуда. Ол болашақта флагмандық жобалар үшін тиісті алаң болуы мүмкін», - деді министр.
Сонымен қатар, А. Мұхамедиұлы Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Болашағы біртұтас ұлт» институттық реформасы, «Мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» мәдениет саласын дамытуға барынша ықпал жасап отырғандығын атап өтті.
«Мәдениет ұлттық біртектілік негіздерін жасап, адам капиталын қалыптастырудың өзегіне айналып отыр. Бұл ұстаным осы саланы дамытудың ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын "Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасында" айтылған», - деді министр.